Қазақстан туризм индустриясы қарқынды дамып келе жатқан елдер тізіміне енді

0
2 420

Біз 20 көшбасшы елдердің қатарындамыз.


Қазақстан туризм индустриясы қарқынды дамып келе жатқан елдер тізіміне енді

ERNUR.KZ. БҰҰ жанындағы бүкіләлемдік туристік ұйым Қазақстанды туризм индустриясы қарқынды дамып келе жатқан елдер тізіміне қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біз 20 көшбасшы елдердің қатарындамыз. Бірақ тізімнің басы да, ортасы да бізге бұйырмаған. Қазақстан үздіктер тізімін түйіндеді Туризм индустриясы ең дамыған елдер анықталды. БҰҰ жанындағы бүкіләлемдік туристік ұйымның сараптауынша, Қазақстан 20-шы тұғырды місе тұтқан. Бұл соңғы орын. Десе де, елдегі туризм индустриясының өсімі 10%-ке жетті. Ал көшбасында Мьянма тұр. Мұндағы өсім 40%-тен асты. Тізімді Пуэрто-Рико мен Иран жалғайды. Айтпақшы, көрші өзбектер 4-орыннан көрінді. Сарапшылардың дерегінше, әлем халқы 1,5 млрд шетелдік саяхат жасаған. 90 млн адам Францияны көруге құмартқан екен.