Қазақстан Түркияға 15 тонна жасымық жіберді

0
505

Жалпы бұл елге Қазақстаннан 600 контейнер жасымық жіберіледі.


Қазақстан Түркияға 15 тонна жасымық жіберді

ERNUR.KZ. Қазақстан 15 тонна жасымық тиелген 10 контейнерді пойызбен Түркияға жіберді, деп жазады inbusiness.kz.

KTZ Express АҚ мен Teryak group арасында ауыл шаруашылығы дақылдары жіберу жөнінде келісімшарт жасалды.

«Түркиялық компаниямен 15 мың тонна жасымық жіберу жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Жалпы бұл елге 600 контейнер жіберіледі», - деді KTZ Express АҚ бас директоры Нұрлан Игембаев.

Оның айтуынша, бүгінде жасымық 10 контейнерге тиеліп, Ақмола облысы Азат станциясынан Түркияға жіберілген. Айта кетейік, елімізде жамысық көбінесе солтүстік өңірлерде өсіріледі.