Қазақстан Түркиямен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттырды

0
432

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезеңде 181,1 млн доллар болды.


Қазақстан Түркиямен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттырды

Қазіргі кезде Қазақстан серіктес елмен тауар айналымы бойынша 40-шы, импорт бойынша 34-ші және экспорт бойынша 49-шы орында тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркияға экспорттың едәуір бөлігін минералды және ауылшаруашылық өнімдері құрайды. Жалпы, 2022 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында тауар айналымының өсуі 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 64,8%-ға өсіп, 4 151, 3 млн долларды құрады. Соның ішінде экспорт – 3 249 млн доллар, импорт –901,5 млн доллар.

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезеңде 181,1 млн доллар болды. Соның ішінде экспорт – 106,3 млн доллар, импорт – 74,7 млн долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Негізгі экспорт мынадай тауарларға тиесілі: бидай – 28,9 млн, күнбағыс майы – 28,6 млн, бұршақ дақылдары – 16,0 млн, зығыр – 13,2 млн доллар. 2022 жылы Қазақстан 2021 жылы Түркияға әкетілмеген күнбағыс майының экспортын қалпына келтірді.

Бұдан басқа, импорт көлемі 1,5 есе өсті. Импорттың басым бөлігін мына өнімдер құрайды: күнбағыс тұқымы – 12,9 млн, шоколад – 10,2 млн, құс жұмыртқасы – 7,1 млн, кондитерлік өнімдер – 5,5 млн доллар.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Түркия Республикасы арасында тығыз ынтымақтастық орнатылған. 2022 жылы Түркия вице-президенті Фуат Ақтаудың жұмыс сапары аясында Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті. Оған 250-ден астам кәсіпкер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты.

«Кездесу сәтті өтті, ынтымақтастық туралы 10 келісім жасалды. Оларды іске асыру аясында инвесторлар бірқатар кәсіпорын салуға ниетті. Атап айтқанда БҚО және Ақтөбе облыстарында авиакарго бар көлік-логистикалық орталықтар, Алматыда фармацевтикалық зауыт, медициналық бұйымдар, маскалар мен респираторлар шығаратын кәсіпорын, тот баспайтын болат, металл болат конструкциялардан жасалған өнімдер шығаратын зауыт, елордада сауда-ойын-сауық орталығы салынады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.