Қазақстан Ұлыбританиямен ынтымақтастық жөнінде келісім жасау үшін келіссөздер жүргізуде

0
675

​31 қаңтарда Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шықты.


Қазақстан Ұлыбританиямен ынтымақтастық жөнінде келісім жасау үшін келіссөздер жүргізуде

ERNUR.KZ. 2020 жылдың 1 ақпанынан 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтпелі кезең сақталады. Оның барысында Ұлыбритания ЕО аясында қабылданған барлық міндеттемелер мен келісімдерді орындауды жалғастырады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі және олардың Қазақстан экономикасына салған инвестициялары көлемі бойынша алтыншы орында. 2019 жылдың тоғыз айында тауар айналымы 749,9 млн АҚШ долларын құрады. Соңғы 14 жыл ішінде Ұлыбританиядан келген тікелей инвестициялар 13 миллиард доллардан асты.

Айта кететін жайт, 2015 жылы Қазақстан Еуропалық Одақпен Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы (КСЫК) келісімге қол қойды. Аталған Келісім 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енеді және сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды құру үшін қажетті негіз жасайды. Өтпелі кезеңді ескере отырып, КСЫК 2020 жылдың соңына дейін Ұлыбритания үшін күшін жоймайды.

Қазіргі уақытта Ұлыбританиямен қазақстандық-британ екіжақты қарым-қатынастардың кең спектрін қамтитын Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ағымдағы жылы жасасу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Осыған дейін Ұлыбританияның референдумнан соң 3,5 жылдан кейін ресми түрде ЕО-дан шыққаны хабарланды.