Қазақстан үшін маңызды әрі жауапты сәт келді - Президент

0
663

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтты.


Қазақстан үшін маңызды әрі жауапты сәт келді - Президент

ERNUR.KZ. Қазақстан үшін маңызды әрі жауапты сәт келді. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Дана халқымызда «Қатарыңның алды бол» деген баталы сөз бар. Бұл игі тілек жастарға ерекше рух беріп, жігерлендіру үшін айтылады. Сіздер іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, шын мәнінде өз қатарларыңыздан оза білдіңіздер. Бірақ мұны, ең алдымен, мемлекеттің өздеріңізге деген зор сенімі деп қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті кадрлық резервке өту дегеніміз жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана еместігін, бұл – ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз екенін баса айтты.

«Әр заманда кез келген халықтың білімді және білікті азаматтарының ортақ мүддеге топтасатын кезеңі болады. Осылайша ұлтты биікке жетелейтін, жаңаша дамуға бастайтын шоғыр қалыптасады. Жаңа Қазақстан үшін де осындай маңызды әрі жауапты сәт келді деп санаймын. Сондықтан сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.