Қазақстан вакцинацияға бюджеттен 50 млрд теңге қаржы жұмсайды

0
2 306

Шамамен 16-17 млрд теңге ресейлік «Спутник V» вакцинасына жұмсалады.


Қазақстан вакцинацияға бюджеттен 50 млрд теңге қаржы жұмсайды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Коронавирусқа қарсы вакцинацияға ел қазынасынан 50 млрд теңге жұмсалмақ, деп жазады inbusiness.kz.

Шамамен 16-17 млрдына - ресейлік «Спутник V», ал қалғанына отандық вакцина алынады. Ақпанның бірі басталатын науқанда ең алдымен медицина қызметкерлерінің екпе алатын белгілі. Ал қалың жұртқа ол қашан қолжетімді болады?