Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын берік ұстанады - Тоқаев

0
624

29 тамыз - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.


Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын берік ұстанады - Тоқаев

ERNUR.KZ Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады,, деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында, деп жазады Sputnik.kz.

"Бүгін– Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады", - деді мемлекет басшысы.

29 тамыз - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күн 2009 жылдың 2 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында бекітілді.