Қазақстан жемқорлық рейтингісінде 100 елдің қатарына кірді

0
2 430

​Өткен жылы еліміз 34 ұпаймен 113 орында болған.


Қазақстан жемқорлық рейтингісінде 100 елдің қатарына кірді

ERNUR.KZ. Қазақстан әлем бойынша жемқорлық индексінде алдыңғы қатарлы 100 елдің қатарына қосылды. Мұндай ақпаратты Transparency International қозғалысы таратты, деп жазады inbusiness.kz.

Нақтырақ айтсақ, 38 ұпай жинап, 94-орыннан көрінді. Біздің елмен бір қатарға орналасқан елдер ішінде Эфиопия, Перу мен Шри-Ланка бар. Ал, жемқорлық өте аз кездесетін ел Жаңа Зеландия мен Дания болып шықты.