Қазақстан журналистикаcы әлемдік деңгейге шықты – министр Абаев

0
1 135

Жалғыз қазақстандық емес, бүкіл БАҚ құралдарында кемшіліктер болады.


Қазақстан журналистикаcы әлемдік деңгейге шықты – министр Абаев

ERNUR.KZ. Алматыдағы XVI Евразиялық медиафорумда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Даурен Абаев отандық журналистика мен әлемдік БАҚ-тың әлеуметтік желіден басты артықшылығы жайлы пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz.

Журналистер министр Абаевтан қазақстандық журналистиканың деңгейі туралы сұрады.

"Мен отандық және шетелдік медианы бірі-бірінен кем немесе артық демес едім. Жалғыз қазақстандық емес, бүкіл БАҚ құралдарында кемшіліктер болады. Бірақ айта кету керек, қазақстандық журналистиканың кәсіби біліктілігі қазір әлемдік деңгейге жеткен," - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, ол классикалық журналистиканы әлеуметтік желімен салыстырды.

"Маған медиа, кәсіби журналистика мен әлеуметтік желі туралы сұрақтар ұнады. Мен мұны басқаша айтар едім. Қазақстандық БАҚ құралдары әлеуметтік желімен бәсекесіне қалай төтеп бере алады? Бұл – абырой және сенім. Әлеуметтік желіде жарияланған материалдарға қарағанда кәсіби журналистикаға сенім көбірек болатынын түсінуіміз керек. Өйткені, әлеуметтік желі қолданушыларынан айырмашылығы журналистер материалды жарияламас бұрын ақпаратты тексереді. Мен журналистиканың үнемі ақпараттың ең сенімді және айқын дереккөзі болатынына сенемін” – деді министр Дәурен Абаев.