Қазақстанда 1 шілдеден бастап дәрілер таңбаланады

0
504

Қаулы 2022 жылдың 8 мамырында күшіне енеді.


Қазақстанда 1 шілдеден бастап дәрілер таңбаланады

ERNUR.KZ. Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі толықтырылды, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап дәл сол күннен бастап шығарылатын дәрілерге таңбалау енгізіледі.

Тізімге мыналар қосылды:

  • иммундық сарысулар және қанның басқа фракцияларына керек дәрілер;
  • дәрілік пішіндерге немесе бөлшек саудаға арналған пішіндерге немесе қаптамаларға салынған иммунологиялық препараттар;
  • емдік, профилактика немесе диагностика үшін дайындалған жануарлардың қаны;
  • басқа да барлық дәрілер.

Еске сала кетейік, биыл мына тауарлар да таңбаланады:

  1. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап темекі, барлық темекі бұйымдары;
  2. 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқкиімдер.

Қаулы 2022 жылдың 8 мамырында күшіне енеді.