Қазақстанда 10 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан сәби дүниеге келді

0
969

Бұл процесс криоконсервация деп аталады.


Қазақстанда 10 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан сәби дүниеге келді

ERNUR.KZ. Қазақстанда 10 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл процесс криоконсервация деп аталады.

"Қазақстанда фертиль жастағы әйелдерді қайта ұрықтандыру мүмкіндігі үшін эмбриондарды криоконсервациялау және сақтау жүзеге асырылады. Процесс Қазақстан денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушысының 2009 жылғы 30 қазандағы № 624 "Донорлықты жүргізу және жыныстық жасушаларды сақтау ережесін бекіту туралы" бұйрығымен реттеледі", - делінген сауалға жауапта.


Сондай-ақ, Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментіндегілер мұндай процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өткізілетінін айтты. Жұптарға экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүргізуге квота берілуі мүмкін.