Қазақстанда 10000-ға жуық адам демікпеге шалдыққан

0
1 334

Демікпе (астма) - ауыр инфекциялық аурулардың қатарына жатады.


Қазақстанда 10000-ға жуық адам демікпеге шалдыққан

ERNUR.KZ. Қазақстанда демікпеге шалдыққан адамдардың саны 10 000-ға жуықтап қалды, деп хабарлайды inform.kz.

Демікпе (астма) - ауыр инфекциялық аурулардың қатарына жатады және жүрек ауруларынан, инсульттан, обыр мен диабеттен кейін бесінші орында тұр. Адамның тыныс алу жүйесі зат алмасуы мен ағзаның тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Тыныс алғанда жасушалар оттегімен қамтамасыз етіледі. Өкпе және бронхтарды зақымдайтын аурулар бар. Мұндай аурулардың бірі -демікпе.

Бронх демікпесі ересектердің 5% және балалардың 10% зардап шегетін ең көп таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады. ДСҰ анықтамасы бойынша бүкіл әлемде 235 млн. адам демікпемен ауырады.

Дүниежүзілік демікпемен күрес күні жыл сайын мамыр айының бірінші сейсенбісінде атап өтіледі.

Бұл күн ДСҰ бастамасы бойынша құрылған және демікпемен сырқаттанушылықтың өсу проблемасына жұртшылықтың назарын аударуға, демікпеге көмек көрсету сапасын арттыруға және адамдардың бұл ауру туралы хабардар болуына бағытталған. Алғаш рет Бүкіләлемдік демікпеге қарсы күрес күні 1988 жылы аталып өтті.

Астма грек тілінен аударғанда "ауыр тыныс" дегенді білдіреді. Бұл терминнің авторы - Гиппократ. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар осы аурудың себебін зерттеуге тырысты және тек 20 ғасырда демікпенің себебі, аллергиялық реакция, сыртқы тітіркендіргішке (химиялық, биологиялық, физикалық) жауап ретінде бронхтардың жергілікті қабынуы болып табылатыны анықталған.

Қазақстанда демікпемен ауыратын адамдардың саны жыл сайын артып келеді. ҚР ДСМ соңғы мәліметіне сәйкес, 100 000 адамға шаққанда демікпе көрсеткіші 56,3 болып отыр. Ал бұл шамамен 10 000-ға жуық адам.

«Бронх демікпесін диагностикалау қиын, себебі оны жіті және созылмалы бронхиттермен, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен, өкпенің қабынуымен, туберкулезбен, басқа да респираторлық, неврологиялық немесе қантамыр ауруларымен оңай шатастыруға болады. Дәл диагнозды жедел дем шығару көлемін өлшеу, бронхиалды секрет анализі, аллергологиялық тексеру және т. б. талдаулар негізінде қоюға болады. Алайда, бронх демікпесін диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерінің арқасында бақылап, дұрыс таңдалған ем қолданса көптеген пациенттер ауру симптомдарынан арылуы мүмкін", - дейді мамандар.