Қазақстанда 18 министрдің 11-і ағылшын тілін меңгерген

0
2 352

Төтенше жағдайлар министрі бір ғана тілде сөйлейді


Қазақстанда 18 министрдің 11-і ағылшын тілін меңгерген

ERNUR.KZ. Ranking.kz Қазақстан министрлерінің тіл біліміне зерттеу жүргізіп, рейтинг түзді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Басылымның хабарлауынша, көш басында Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрі. Олардың әрбірі бес тілден біледі. Мәселен, Мұхтар Тілеуберді (Сыртқы істер министрі – авт.) қазақ, орыс, ағылшын, корей және жапон тілдерін меңгерген. Сол секілді Нұрлан Ермекбаев та (Қорғаныс министрі – авт.) қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерінде еркін сөйлей алады.

Төрт тілді меңгерген министрлер қатарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Ұлттық экономика министрі Әсет Иргалиев және Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев бар.

Жалпы 18 министрдің жетеуі ағылшын тілін меңгермеген. Олардың қатарында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бар.

Ал, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин болса мемлекеттік тілде де сөйлей алмайды, ол тек орыс тілін меңгерген.

Басылымның жазуынша, 7 министрдің ағылшын тілін білмеуі олардың отандық ЖОО-да білім алуымен байланысты.