Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар тегін ұшады

0
1 965

Тегін ұшатын балалардың шекті жасы 2 жастан 18 жасқа дейін.


Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар тегін ұшады

ERNUR.KZ. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында турист ретінде ұшатын кәмелетке толмаған жолаушылар билетінің құнын субсидиялау бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығы күшіне енді.

Ереже бойынша, 1 қаңтардан бастап ел аумағында турист ретінде саяхаттайтын кәмелетке толмаған әуе жолаушыларының билет ақысын мемлекет төлейді. Осылайша Қазақстан азаматтығы бар балалар немесе елде тұрақты тұруға құқығы бар азаматтығы жоқ адамдар тегін ұшады. Тегін ұшатын балалардың шекті жасы 2 жастан 18 жасқа дейін.

Құжат бойынша мұндай субсидия ішкі туризм саласында қызмет ететін туроператордан сатып алынған кәмелетке толмаған жолаушы билетіне төленеді.

Субсидия алу үшін туроператор Kazakh Tourism ұлттық компаниясына қажет құжаттарды өткізіп, өтініш жіберуі керек.