Қазақстанда 19 су қоймасы жаңартылады

0
867

Қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 1,7 текше шақырым жинақтау көлемі бар 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланған.


Қазақстанда 19 су қоймасы жаңартылады

ERNUR.KZ. 2025 жылға дейін 1,7 текше шақырым жинақтау көлемі бар 9 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Су бөгеттерінің тозуы мәселесін шешу бойынша да жұмыс жүріп жатыр. 2017 жылдың басында елде 41 апаттық су қоймасы болды. Соңғы 5 жылда 16-сы жөнделді. Биыл тағы 6 құрылысжай қалпына келтіріледі. Ал 2025 жылға қарай қалған 19 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланған. Бұл шамамен 800 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Серікқали Брекешевтің дерегінше, қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 1,7 текше шақырым жинақтау көлемі бар 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланған.

«Оның ішінде былтыр Түркістан облысындағы «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы пайдалануға берілді. Қалғандары бойынша жобалық құжаттама әзірленіп жатыр», - деді ол.