Қазақстанда 19 жылу орталық қызыл аймаққа енді - министрлік

0
297

Қазіргі уақытта жылу орталықтарындағы тексеріс аяқталған.


Қазақстанда 19 жылу орталық қызыл аймаққа енді - министрлік

ERNUR.KZ. Еліміздегі 19 жылу орталығы тозған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов айтты деп жазады stan.kz.

Елімізде электр тоғының апаттық жағдайда сөнуі жиі кездеседі. Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов бұл мәселенің негізгі себебі – электр орталықтарының тозуына байланысты дейді. Сондықтан қазіргі уақытта жылу орталықтарындағы тексеріс аяқталған.

“Біз бірінші тоқсанда техникалық аудитті бітірдік. Қазір нәтижелерін алып жатырмыз. Осы қорытынды бойынша 37 жылу орталығының 19-ы қызыл аймаққа кіріп отыр. 5 сәуірден бастап әр станцияға барып, жол картасын бекітеміз. Бұның себебі Екібастұздағы жағдай қайталанбас үшін келесі жылу маусымына дейін әзір болуымыз керек”, - деді ҚР Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов

Еске салайық, бұған дейін Премьер-Министрдің сенат депутаттарына берген жауабында тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:

Арқалық – 1, Кентау – 1, Қызылорда – 1, Орал – 1, Степногорск – 1, Теміртау – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Шахтинск – 1, Риддер – 1, Рудный - 1, Балқаш - 1, Жезқазған - 1, Өскемен - 1, Петропавл – 1, Семей – 1, Екібастұз – 1, Тараз – 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Қарағанды - 2, Текелі – 1, Шымкент – 1, Қостанай – 1, Атырау – 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы – 1, Орал – 1, Павлодар – 1, Астана – 1, Ақтөбе – 1, Астана – 1.