Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин жеңілдейді – Цой

0
704

"Жасыл" статусы бар адамдар үшін түнгі клубтардың жұмысы жанданады. Бірақ адам саны 50 проценттен аспауға тиіс.


Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин жеңілдейді – Цой

ERNUR.KZ. Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантиндік шектеулер жеңілдейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Цойдың айтуынша, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын және вакциналауға жататын халықтың 70%-тен астамының екпе алғанын ескеріп, ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 20 қазанынан карантинді жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, медициналық-әлеуметтік нысандардың (қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі және тағы басқа) пациенттеріне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін вакцинаның екі дозасын алғаны туралы құжат немесе мерзімі 3 тәуліктен аспаған теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсету керек.

Сондай-ақ тек "жасыл" статусы бар адамдар үшін түнгі клубтардың жұмысы жанданады. Бірақ адам саны 50 проценттен аспауға тиіс:

  • "жасыл" аймақта 100 адамнан;
  • "сары" аймақта – 70 адамнан;
  • "қызыл" аймақта 50 адамнан көп емес.

Бұдан бөлек, ASHYQ жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзартылады:

  • "жасыл" аймақта сағат 03.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 05.00-ге дейін;
  • "сары" аймақта 01.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 03.00-ге дейін.