Қазақстанда 2019 жылдан бастап сырттай білім алу тоқтатылады

0
2 223

Ерлан Сағадиев бұл норманың азаматтардың жоғары білім алуына деген мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын айтып өтті.


Қазақстанда 2019 жылдан бастап сырттай білім алу тоқтатылады

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап сырттай білім ару формасы тоқтатылып, ЖОО-лар оқудың бағасын өздері бекітеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің dialog.egov.kz платформасында берген жауабында айтылады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, 2018 жылдың 4 шілдесінде Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардағы академиялық және басқарушылық дербестікті кезең-кезеңмен кеңейту мақсатында заң қабылданған болатын.

"Заңға сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сырттай білім алу жүйесі тоқтатылады. Бірақ қазір сырттай оқып жүрген студенттер оқуын аяқтауы тиіс. Сондай-ақ, заңда ЖОО-лардың бакалавр бағдарламасын жеделдетілген режиммен аяқтауды көздейтін икемді және біріктірілген білім беру бағдарламасын дайындайтыны айтылады. Және заңда қаржы саясатын реттеу аясында ақылы түрде білім беретін ЖОО-лардың бағасын реттейтін норма жойылды", - делінген министрдің жауабында.

Министр Ерлан Сағадиев бұл норманың азаматтардың жоғары білім алуына деген мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын айтып өтті. Айтуынша, енді ЖОО-лар білім беру бағдарламасы бойынша және білім беру қызметтеріне қатысты бағаны өздері бекітеді.