Қазақстанда 2020 жылдың қазан айында халық санағы өтеді

0
1 435

Ұлттық экономика министрлігіне ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру тапсырылды.


Қазақстанда 2020 жылдың қазан айында халық санағы өтеді

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі 2019 жылдың 19 маусымында "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" қаулы қабылдады, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының халық санағы 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өткізілсін, делінген құжатта.

Қаулымен бірге ұлттық санақ жүргізудің іс-шаралар жоспары қоса берілген.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға:

- жоспарда қарастырылған шаралардың уақтылы орындалуы қамтамасыз етуісін;

- есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат ұсынылсын.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру тапсырылып, ұлттық санақты дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық-нұсқаулық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру міндеті жүктелді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.