Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

0
2 536

Мұндай ауа-райы Кіші Азия аудандарынан ыстық ауаның шығуымен байланысты


Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы үш тәулікте, 17-19 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-батыста және Қазақстанның батыс өңірінің кей жерінде ауа температурасы плюс 40...43 градус және жауын-шашынсыз ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мұндай ауа-райы Кіші Азия аудандарынан ыстық ауаның шығуымен байланысты.

Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары жоғары барийлік шұңқыр және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпалында болады. Осы өңірлерге Сібірден салқын және ылғалды ауа келеді, сондықтан мұнда кей жерде найзағайлы өткінші жаңбыр және осы мезгілге қалыпты ауа-райына жақын температура сақталады.

Ал солтүстік облыстарға Кола түбегінде орналасқан антициклон тарамдары ауысады, ол жауын-шашынның тоқтауына себеп болады.