Қазақстанда 5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қашықтан жұмыс істеп отыр

0
701

Мемлекеттік қызметшілердің 70% қашықтан жұмыс істеуге жіберілген.


Қазақстанда 5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қашықтан жұмыс істеп отыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда 5,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші үйден жұмыс істеп отыр. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Президент тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің 70% қашықтан жұмыс істеуге жіберілген.

«Біздің министрлік мемлекеттік қызметшілердің қашықтан жұмыс істеуін ұйымдастырумен айналысып жатыр. Қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдар мен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Бүгінде 5,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қашықтағы жұмыс орны арқылы үйден жұмыс істеуде. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметшілерді қашықтан жұмыс істеуге дайын боламыз деп ойлаймын», - деді А. Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.