Қазақстанда 5 жекеменшік университетке қатысты сот процесі жүріп жатыр

0
544

Жоғары оқу орындарын лицензиясынан тек сот шешімімен ғана айыруға болады.


Қазақстанда 5 жекеменшік университетке қатысты сот процесі жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды. Биыл 15 университет тексеруде тұр. Алайда 2023 жылдан бастап жоғары оқу орындарын мемлекеттік бақылау моделі өзгереді. Осылайша, жаңа реттеу саясаты енгізіледі. Біз бұл мәселені мұқият қарастырамыз. Университетті бұрынғыдай тез жабуға мүмкіндік болмайды. Себебі, заңдағы принцип өзгереді. Бірақ, бұл жұмысты жалғастырамыз. Президент нақты тапсырмалар берді. Оған қатысты саясат өзгерген жоқ. Сапасыз білім берген жоғары оқу орындарын қатаң реттеу принципі қолданылады», - деді Саясат Нұрбек ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, министрлік бүгінде 5 жеке университетке қатысты сот процесі жүріп жатқанын мәлім етті.