Қазақстанда 65 жастан асқандарға COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді

0
2 374

​Бас санитар дәрігер қарт адамдарға вакцина екпес бұрын қандай да бір ілеспе ауруларының бар-жоғын мұқият тексеру қажет екенін айтты.


Қазақстанда 65 жастан асқандарға COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді, деп жазады sputnik.kz.

"Қаулымен жастың жоғарғы шегі бойынша шектеуді алып тастадық. Бірақ, қарт адамдарға вакцина салмас бұрын, олардың денсаулығын, қандай да бір ілеспе ауруларының бар-жоғын мұқият тексеру қажет", - деді Қиясов телеарна эфирінде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство 65 жастан асқан адамдарды вакциналау жоспарына қосу мәселесін қарайтынын мәлімдеді. Ол созылмалы аурулардың бар-жоғы, аллергиялық реакция ескерілетінін нақтылаған болатын.

Дүйсенбі, 22 ақпанда, денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алды.

Министрлік санитарлық талаптарды сақтау мақсатында медициналық мекемеге журналистерді шақырған жоқ.

Жыл соңына дейін алты миллионға жуық қазақстандыққа вакцина салу жоспарланып отыр.