Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі референдумда шешіледі

0
889

Бірақ атом стансалары құрылысының мүмкіндіктері әлі де зерттеле береді.


Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі референдумда шешіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда атом электр стансасы құрылысы мәселесі референдумда шешіледі. Бірақ әзірге үкіметтің АЭС құрылысы туралы шешімі жоқ. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру конференциясында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

Оның сөзінше, атом стансалары құрылысының мүмкіндіктері әлі де зерттеле береді.

"Қазақстанда ондай зерттеулер бұрыннан бері жүргізіліп келеді, әлі де жүргізіле береді. Өйткені мұндай технологияларды меңгеру, сынақтық реакторларда ғылыми зерттеулер жүргізу білу, оның негіздерін түсіну – біздің елді дамыған мемлекеттер клубына қосады. Бұл бағыттағы жұмыстар, зерттеулер жалғасады, одан қорқудың қажеті жоқ. Бірақ дәл қазір биліктің ешбір деңгейінде атом стансасының құрылысына қатысты ешқандай шешім жоқ, оның бәрі алып-қашпа әңгімелер" – деді министр.