Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш пен төменгі жалақы мөлшері өзгерді

0
2 122

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31 183 теңге, ең төменгі жалақы - 42 500 теңге.


Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш пен төменгі жалақы мөлшері өзгерді

ERNUR.KZ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш, төменгі күнкөріс деңгейі және төменгі еңбекақы мөлшері өзгерді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш өзгереді: ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31 183 теңге, ең төменгі жалақы - 42 500 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге.