Қазақстанда алғаш рет пластикалық хирургтар даярланады

0
935

​Пластикалық хирургияға оқыту қаладағы 4 клиника базасында өткізіледі.


Қазақстанда алғаш рет пластикалық хирургтар даярланады

ERNUR.KZ. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде пластикалық хирургия кафедрасы ашылды. Резидентура курсына және біліктілікті арттыруы үшін студенттер қабылдау басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Пластикалық хирургияға оқыту қаладағы 4 клиника базасында өткізіледі: Promoitalia клиникасы, №4 қалалық клиникалық аурухана, «Оқжетпес» пластикалық хирургия орталығы, Пластикалық және реконструктивтік клиника.