Қазақстанда алғашқы 5G жиілігі 62,5 миллиард теңгеге сатылды

0
351

Аукционның алғашқы бағасы 1 761 225 000 теңгеден басталды.


Қазақстанда алғашқы 5G жиілігі 62,5 миллиард теңгеге сатылды

ERNUR.KZ. 2022 жылғы 22 желтоқсанда мобильді байланыстың бесінші буынына (5G) арналған радиожиілік үшін ашық аукцион өткізілді. Онлайн сауда "gosreestr.kz" электрондық сауда-алаңында ұйымдастырылды. Аукционның алғашқы бағасы 1 761 225 000 теңгеден басталды, деп жазады stan.kz.

Сауда нәтижесінде радиожиілік жолақтары үшін баға 62 669 775 351 теңгеге дейін көтеріліп, "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС ("Теле 2" және "Алтел" бренді) және "Кселл" АҚ ("Кселл" және "Актив" бренді)жеңіп алды.

“Жоғарыда аталған аукционның жеңімпазына республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында мобильді байланыстың бесінші буынын (5G/IMT) енгізу және дамыту бойынша міндеттемелер жүктеледі. Міндеттемелерге сәйкес, аукцион жеңімпазы кезең-кезеңімен жалпы саны 3527 базалық станцияны іске қосуы керек. 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ы, облыс орталықтарының 60%-ы 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде”, – делінген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарламасында.

Министрлік мәліметінше 5G технологиясы мемлекет пен бизнес үшін Интернет сервистерін дамыту тиімділіктеріне ие, бұл елдегі цифрландыру қарқынын айтарлықтай жеделдетеді. Сондайқ-ақ 5G желісінің негізгі пайдаланушылары қарапайым абоненттерден бастап, интернеттің жоғары жылдамдығын қажет ететін ірі бизнес өкілдері болады.