Қазақстанда алимент өндіріп алу тәртібі өзгерді

0
822

​Бір ай ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамауы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғуы мүмкін.


Қазақстанда алимент өндіріп алу тәртібі өзгерді

ERNUR.KZ. Қазақстанда алиментті өндіріп алу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді, сот орындаушылары бірінші кезекте осы санаттағы істерге басымдық беретін болады, деп жазады sputniknews.kz.

27 маусымда мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын.


"Қабылданған түзетулер арқылы жеке сот орындаушыларының алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу туралы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға басымды беру бекітілді", - дейді министрлік мамандары.


Бұрын кейбір жеке сот орындаушылары осы санаттағы істерге көп қызығушылық танытпағаннан кейін мәжбүрлеп орындату шараларын созып жүретін.


"Енді мұндай іс жүргізу бойынша бір ай ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамауы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғуы мүмкін", - делінген ресми хабарламада.


Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекторының жалақыны төлеу туралы ұйғарымына атқарушылық құжат мәртебесі беріледі. Бұл шара құқықтарын жұмыс беруші бұзған азаматтарға жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешуге, сотқа жұмсалатын уақыт пен сот шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Заң 2020 жылы 8 шілде күні күшіне енді.