Қазақстанда аңшылық маусымы ашылады

0
1 764

2020 жылдың 15 ақпанына дейін сүтқоректілердің 34 түрі мен құстардың 59 түрін аулауға рұқсат етілді.


Қазақстанда аңшылық маусымы ашылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда аңшылық маусымы ашылды, деп жазады Алтайньюс.

2020 жылдың 15 ақпанына дейін сүтқоректілердің 34 түрі мен құстардың 59 түрін аулауға рұқсат етілді.

Айталық:

- маймаққаз, қаз, қарашақаз, үйрек, қасқалдақты – солтүстік өңірлер бойынша 7 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін, оңтүстік өңірлер бойынша 15 желтоқсанға дейін;

- шiлді (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл) -7 қыркүйектен 15 қарашаға дейін;

- құрды – солтүстік аймақтар бойынша 7 қыркүйектен 30 қарашаға дейін, оңтүстік аймақтар бойынша 15 желтоқсанға дейін;

- қоңыр аюды (тянь-шань аюынан басқа) – 7 қыркүйектен сенбісінен 30 қарашаға дейін;

- борсықты – 7 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін;

- марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр және бұланды – 7 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;

- сібір тау ешкісін – 7 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін аулауға болады.