Қазақстанда Ashyq жүйесі қашан жойылады – вице-премьер жауап берді

0
451

Бұған дейін үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатқанын айтқан болатын.


Қазақстанда Ashyq жүйесі қашан жойылады – вице-премьер жауап берді

ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда Ashyq жүйесі әзірге жойылмайтынын, басқа елдерде коронавирустық эпидемияға байланысты жағдайдың нашарлауына қарамастан, үкімет карантиндік шектеулерді күшейту мәселесін қарастырмайтынын айтты, деп жазады Zakon.kz.

Біз қазір жаңа шектеулерді емес, карантин шараларын одан әрі жеңілдетуді қарастырып жатырмыз. Әлемде жағдайдың қалай болатынына қараймыз.ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Сонымен қатар вице-премьер Қазақстан Ashyq жүйесінен әлі бас тартпайтынын мәлімдеді.

Біз одан әлі бас тартпаймыз, өйткені сәл шыдауымыз керек. Сіздерді де сабырлы болуға шақырамын. Бірқатар елде өсім (КВИ жұқтырғандар саны бойынша – ред.) бар, бұл өсім бүгінде әлемнің 34 елінде байқалады. Сондықтан бұл мәселеде белгілі бір шараларды сақтау қажет. Маска режимі әлі жойылған жоқ, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Бұған дейін үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатқанын айтқан болатын. 22 ақпандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта тек Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстары қалды. «Сары» аймақта – Қостанай және Павлодар облыстары, қалған өңірлер «жасыл» аймақта.