Қазақстанда астық бағасы қымбаттады

0
1 094

Сапалы астықтың 1 тоннасы 45 мың теңге көлемінде сатылып жатыр


Қазақстанда астық бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда астық бағасы қымбаттады 24.kz.

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда астық бағасы артқан. Қазір сапалы астықтың 1 тоннасы 45 мың теңге көлемінде сатылып жатыр. Былтыр 38 мың теңге болды. Жалпы биыл елімізде 21 млн тоннадан аса егін орылды. Еске салайық, еліміздегі егістік алқабының 98,7% игерілді.

Бұл 14 млн 861,7 мың гектар аумақты құрайды. Орташа өнімділігі гектарына 14,6 центнерді құраған. Әсіресе Солтүстік Қазақстан облысы гектарына 18 центнер өнім алып, үздік нәтиже көрсетті. Бұл тізімде Ақмола, Қостанай облыстары бар.