Қазақстанда ауыз су бағасы қымбаттайды

0
465

Кәсіпорынның пайдалану әрі автоматтандыру жөніндегі бас директорының орынбасары Ербол Салихбаевтың сөзінше, республикада су арналарының 3440 жүйесі бар.


Қазақстанда ауыз су бағасы қымбаттайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы "Қазсуашар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Кәсіпорынның пайдалану әрі автоматтандыру жөніндегі бас директорының орынбасары Ербол Салихбаевтың сөзінше, республикада су арналарының 3440 жүйесі бар.

"Су шаруашылықтарға осы жүйелер арқылы жеткізіледі. Бір кездері су құбырлары жүйелері коммуналдық меншікте болған, сондықтан олардың көпшілігі қазіргі су тарифіне кірмеген. Яғни, олардың қызметін іске асыруға ағымдағы тариф бойынша қаржыландыру көзделмеген. Осыған байланысты биыл біз өз ұсыныстарымызды тиісті мемлекеттік органдарға жібереміз. Келесі жылы суға әділ тариф бекітіледі деп ойлаймыз", - деді Салихбаев.

Оның айтуынша, су саласы мамандарының жалақысын көтеру мәселесі күн тәртібінде тұр. Бүгінде олардың орташа еңбекақысы 90 мың теңгеден аспайды.

"Су саласының қызметкерлері - елдегі ең төмен жалақы алатындардың бірі. Сондықтан, егер біз мәселені тарифтер арқылы шешпесек, басқа жол жоқ, себебі біз мемлекеттен қаржы алмаймыз", - деді Ербол Салихбаев.