Қазақстанда автокөлік екі есеге қымбаттады

0
2 130

2020 жылдың 10 айында автокөліктің орташа құны 10,5 млн теңгені құрады.


Қазақстанда автокөлік екі есеге қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа автокөліктердің құны соңғы алты жылда екі еседен астамға қымбаттаған, деп жазады zakon.kz.

"КазАвтоПром" деген одақтың келтірген деректеріне сенсек, 2020 жылдың 10 айында автокөліктің орташа құны 10,5 млн теңгені құрады. Оның ішінде импорттық автотехника– 13,6 млн теңге, елде құрастырылатындары – 7,6 млн тенге.

2014-ші жаңа автокөліктің орташа құны 4,9 млн теңге болған екен. Бұл биылғы бағалардан 2,1 есеге арзан еді.