Қазақстанда автомектептерге қойылатын талапты күшейту ұсынылды

0
973

Мұндай шара жол-көлік оқиғалары мен жол апатынан болатын өлім-жітімді азайтуға септігін тигізеді


Қазақстанда автомектептерге қойылатын талапты күшейту ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары жүргізушілерді оқытып, даярлайтын мекемелерге бақылауды күшейтуді ұсынып отыр. Халық қалаулыларының айтуынша, мұндай шара жол-көлік оқиғалары мен жол апатынан болатын өлім-жітімді азайтуға септігін тигізеді, деп жазады altaynews.kz.

Бүгінгі таңда депутаттар ұжымдық ұсынысты ҚР Ішкі істер министрлігіне жолдап қойған екен. Олар ұсыныста автомектептерге және жүргізуші куәлігін алуға тапсырылатын емтиханға қойылатын талапты күшейтуды сұрап отыр. Сондай-ақ, автомектептердің инструкторлары болашақ жүргізушілерді контрапаттық жүргізу әдісін үйретуді де ұсынады.