​Қазақстанда аязға төзімді жүгері өсіру қолға алынады

0
2 810

Бүгін міне тұқым өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы алғашқы шартқа қол қойылды.


​Қазақстанда аязға төзімді жүгері өсіру қолға алынады

ERNUR.KZ. Америкалық Baumgartner Agriculture Science and Service (BASS) пен қазақстандық Kusto Group компаниялары Қазақстанда алдыңғы технологияларды қолдана отырып, жем-шөптік дақылдардың тұқымын өндіретін бірлескен кәсіпорын құрады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев және BASS иесі және бас директоры Эдвард Джосеф Баумгартнер KAZSEED кәсіпорынын құру туралы меморандумға қол қойды. Шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев қатысты.

«2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы міндеттердің бірі шетел инвесторларын, үлкен инновациялық компанияларды тарту болып отыр. Мақсат – таяу бес жылда еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру үшін жаңа технологияларды, жаңа ғылыми әзірлемелерді тарту. Өткен жылғы Президент сапарының қорытындысы бойынша америкалық компаниялармен жұмыс істеп жатқанымызды білесіздер. Бүгін міне тұқым өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы алғашқы шартқа қол қойылды», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев тұқым шаруашылығы саласындағы осындай мамандандырылған компанияның пайда болуы өсімдік шаруашылығын дамуы үшін өте маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Озық технологиялар мен осы саладағы америкалық серіктестердің құзыреттілігі үрдістерді тұқым өндіруге ғана емес, сонымен қатар селекциялық жұмыстарға да жұмсауға мүмкіндік беретіндігін айтты. Мұнан бөлек, Еркін Тәтішев аязға төзімді жүгері тұқымын алу жұмыстары басталатындығын жеткізді.