Қазақстанда азық-түліктің кей түрі күрт қымбаттай бастады

0
560

Жыл соңына дейін инфляция 8-8,5%-ға жетеді деп күтілуде.


Қазақстанда азық-түліктің кей түрі күрт қымбаттай бастады

ERNUR.KZ. Елімізде азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі 11,3% болды және ол инфляцияның өсуіне әсер етуін жалғастыруда. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Нан-тоқаш өнімдері мен жармаларда (13,8%), жеміс-көкөніс өнімдерінде (13,4%) барынша жоғары қарқынды өсім байқалуда, бұл ретте ет және ет өнімдері бағасының өсу қарқыны біршама баяулады (12,9%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі жанар-жағармай (ЖЖМ) бағасының төмендеуі (бензин – шілдеде 0,2%-ға) аясында 5,4% деңгейінде сақталды. Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет тарифтерін уақытша төмендету әсерінің біртіндеп жойылуы ақылы көрсетілетін қызмет бағасының жылдық өсуі 3,0%-дан шілдеде 3,2%-ға дейін артты. Реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері осы жылғы шілдеде 0,9%-ға өсті»,- деді ол баяндамасында.

2020 жылдың соңына дейін инфляцияның 8-8,5% болжамды траекториясы шеңберінде бұдан ары жылдамдай түсуі мүмкін. Қазір ол 7,1% деңгейінде тұр.

Ішкі жалпы өнім 1,8%-ға қысқарған. Ол қызмет көрсету секторындағы, атап айтқанда сауда мен көлік секторындағы күрт құлдырауға байланысты болды.
«Осыған орай, инфляциялық күтулердің тұрақтануын ескере отырып, Ұлттық банк биыл 20 шілдеде Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтіруді қолдау үшін пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін тарылта отырып, базалық ставканы 9,0%-ға дейін төмендетті»,- деді Е. Досаев.