Қазақстанда балалар арасындағы суицид жағдайлары көбейген

0
1 341

2017 жылмен салыстырғанда суицид 6,6 пайызға өскен.


Қазақстанда балалар арасындағы суицид жағдайлары көбейген

ERNUR.KZ. Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсайтын балалардың көбейгені байқалып жатыр, бұл туралы білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

"Балалар суициді - өте күрделі мәселе. 2017 жылмен салыстырғанда суицидтің 6,6 пайызға өскені байқалды. Бұл сандар қорықынышты", - деді Шер.

Министрліктің мәліметінше, ең көп өз-өзіне қол жұмсау деректері Қызылорда облысында болған - бір жылда 7 жағдай. Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында балалар суициді көбейген, әр облыста 5 жағдайдан болған. Атырау және Жамбыл облысында 4 дерек, ал Қостанай облысында өткен жылға қарағанда 3 жағдай артық болған.

"Мамандардың айтуынша, осындай жағдайлардың басты себебі қоғамдағы моральдық құндылықтардың өзгеруі. Ең басты орталар - отбасы, көше, мектеп, колледж, интернет. Кемсіту мен оқушылардың төбелесі, оның ішінде қайғылы жайдаймен аяқталған оқиғаларды бүкіл ел көрді. Ақтөбе облысының өзінде үш жағдай болды. Шымкентте колледж қыздары оқушыны тонағаны үшін ұсталған. Түркістан облысында оқушыларды сыныптастары ұрып-соққан. Осы облыста бір жыл бұрын 17 жастағы жасөспірім 20 баладан ақша бопсалаған. Зардап шеккендердің бірі суицид жасаған", - деді мәлімдемесінде Шер.

Оның айтуынша, жыл басында суық қару қолданған жағдайлар кездескен екен. Осындай оқиғалар басқа да өңірлерде болды. Олардың көбі көпшілікке жарияланбайды екен.

"ЮНИСЕФ зерттеулерінде қазақстандық балалардың 62 пайызы зорлық-зомбылық құрбаны болғаны айтылады. 2018 жылы балаларға жасалған қылмыстар екі мыңнан асып түскен. Оның ішінде Ақтөбе облысында - 187, Түркістанда - 207, Солтүстік Қазақстанда - 59, Шымкентте - 166 және Астанада - 84 жағдай кездескен", - деді ол.