Қазақстанда балалар аяқ киімі 14% қымбаттады

0
535

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 546 мың жұп аяқ киім шығарылған.


Қазақстанда балалар аяқ киімі 14% қымбаттады

ERNUR.KZ. Бір жылда Қазақстанда аяқ киім 10% қымбаттаған, деп жазады ҚазАқпарат.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 546 мың жұп аяқ киім шығарылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 13,3% аз.

Өңірлер арасында бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы алда тұр - 253,3 мың жұп ая киім өндірілген. Одан кейін Жамбыл (73,4 мың жұп) және Алматы (57,9 мың жұп) облыстары тұр.

«Отандық өндірушілер 2022 жылдың бірінші тоқсанында халық сұранысының тек 4,2%-ын ғана қанағаттандырған. Яғни, бүкіл нарық импортқа тәуелді деуге болады. Қаңтар-наурыз аралығында елге сырттан 6,9 млн жұп ақ киім әкелінген. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш 2021 жылғыдан 2,6 есе аз», - деп жазылған сайтта шыққан ақпаратта.

2022 жылдың мамыр айындағы қорытынды бойынша, аяқкиім бағасы 9,7% өскен. Еnergyprom.kz-тің жазуынша, кейінгі 4 жылда бірінші рет осындай қымбатшылық байқалып отыр. Өңірлердегі қымбаттау деңгейі әр түрлі. Қостанай облысында 4,9% болса, Маңғыстау облысында 19,5% өскен.

Бір жыл ішінде бәрінен бұрын балалар аяқ киімі – 14,2%. Әйелдер аяқ киімі 8,8%, ерле аяқ киімі 7,9% қымбаттады.