Қазақстанда балаларды қорғауға арналған тұжырымдама әзірленеді

0
970

Тұжырымдама Мемлекет басшысының жолдауы аясында жүзеге асырылмақ.


Қазақстанда балаларды қорғауға арналған тұжырымдама әзірленеді

ERNUR.KZ. Елімізде балаларды қорғау және қолдауға арналған тұжырымдама әзірленетін болады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп жазады Елорда Инфо.

«2030 жылға дейінгі балаларды қорғау тұжырымдамасы әзірленетін болады. Осы тұжырымдама арқылы балалар арасындағы қылмыспен қатар суицид оқиғасын азайту да көзделіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті билік органдарымен бірлесіп жүргізілетін болады. Сондай-ақ, балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі индексті жақсарту», - деді Б.Сапарбаев өз баяндамасында.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, өңірлерде балалар орталығы ашылатын болады.

«Ол орталықтарда зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға қолдау көрсетілетін болады. Және де мен айтқан тұжырымдама аясында әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға арналған шаралар қарастырылады. Сол сияқты педагог және психолог мамандарын даярлау сұрақтарын тиісті министрліктермен бірігіп шешетін боламыз», - деді ол.

Одан бөлек, Б.Сапарбаев өз сөзінде Қазақстанда мүгедек жандарға арналған 8 орталық ашылатынын тілге тиек етті.