Қазақстанда балмұздақтың 40 пайызы шетелден келеді

0
2 463

Соңғы жылдары елімізде балмұздақ өндірісі 7,5 пайызға өскен. Бір ғана отандық кәсіпорын жылына 13 мың тонна балмұздақ өндіреді.


Қазақстанда балмұздақтың 40 пайызы шетелден келеді

Фото: ашық дерекөзден

ERNUR.KZ. Бүгінде елімізде 20-дан астам балмұздақ өндіруші бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы abctv.kz-ке сілтеме жасап.

Euromonitor International компаниясының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы ең ірі балмұздақ өндіруші – «Шин-Лайн». Компанияның отандық нарықтағы үлесі 36 пайыздан асады. Кәсіпорын жылына 13 мың тоннадан астам балмұздақ өндіреді.

Жалпы елімізде балмұздаққа деген сұраныс жыл санап артып келеді. Орта есеппен алғанда нарық жылына 2-3 пайызға өсуде.

Сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстандағы балмұздақ өндірісі де 7,5 пайызға ұлғайған. «Шин-Лайн» компаниясының дерегінше, елімізде бір жылда шамамен 33 мың тоннадай балмұздақ өндіріледі. Ел тұрғындары тұтатын балмұздақтың 40 пайызы шетелдік өнім. Ал 60 пайызын отандық компаниялар өндіреді.