​Қазақстанда "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды

0
1 123

"7-20-25" бағдарламасынан айырмашылығы, тұрғын үйді таңдау кезінде бұрын пайдаланылған пәтерді сатып алуға болады, баспананың бар-жоғы ескерілмейді.


​Қазақстанда

ERNUR.KZ. Қазақстанда "Баспана Хит" жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша кредит беріле бастады, деп жазды sputniknews.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

"7-20-25" бағдарламасынан айырмашылығы, тұрғын үйді таңдау кезінде бұрын пайдаланылған пәтерді сатып алуға болады, баспананың бар-жоғы ескерілмейді, бірақ бұл ипотека қымбатырақ – пайыздық көрсеткіш Ұлттық банктің базалық ставкасына байланысты болады.

Қазіргі таңда номиналды түрдегі сыйақы 11 процентті көрсетіп отыр. Бірақ банктерге "Баспана Хит" ипотекасына комиссия белгілеуге рұқсат берілген жағдайда жылдық тиімді мөлшерлеме 11 пайыздан жоғары болатыны сөзсіз.

Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің бірі қазірдің өзінде өтініш қабылдауды бастады, онда пайыздық мөлшерлеме 11,9 құрайды. Тағы бір банк кредиттеуге 1 қарашадан кіріседі.

Бағдарлама ресми табысы бар 23-60 жас аралығындағы қарыз алушыларға бағытталған. Алдын-ала төлем 20 пайыздан кем болмауы тиіс, ал мерзімі 15 жылдан аспауы керек. Мерзімінен бұрын өтеуге болады.

"7-20-25" бағдарламасы секілді тұрғын үйдің максималды құны шектеулі. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау үшін лимит 25 миллион теңге, өңірлер үшін – 15 миллион.

Еске сала кетейік, "Баспана Хит" жобасының іске қосылғаны туралы қыркүйек айында жарияланды.