Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады

0
2 640

Қазақстандық бензин әзірше ЕАЭО елдері арасында ең арзаны.


Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Елімізде бензин бағасы тағы қымбаттай бастады. Қазір жанармай бекеттеріндегі АИ-92-нің литрі 160 теңгеге дейін өскен, деп жазады inbusiness.kz.

Сарапшылар болса, баға әлі де өседі дейді. Өйткені көрші Ресей елінде бір айда жанармай шамамен 10 пайыздай қымбаттағаны белгілі. Ал айыр қалпақты ағайынның нарығында Ресей бензині монополист екенін ескерсек, нарықтағы мұндай өзгерістер қырғыздарға да кері әсер етпек.

Өйткені Қырғыстанда соңғы бірнеше айда жанармайдың литрі 30 пайызға қымбаттады. Бұл бізге де әсер ететіні анық. Себебі нарық ортақ. Бірақ бәрібір қазақстандық бензин әзірше ЕАЭО елдері арасында ең арзаны. Сол себепті оны контрабандалық жолмен көрші елдерге тасымалдайтындар көбейген.