Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

0
1 126

Елде ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыру үшін кемі 17 миллион тонна мұнай өндірілуі қажет.


Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Алдағы жылдары жанармай құны қымбаттауы мүмкін, деп жазады 24.kz.

Елде ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыру үшін кемі 17 миллион тонна мұнай өндірілуі қажет. Қалғаны экспортталады.

Осы тұста айта кету керек, ішкі сұраныс үшін мұнай әлемдік нарықтағы бағадан екі есе арзан сатылады. Мәселен қара алтынның халықаралық бағасы 50 доллар болса, қазақстандық мұнай өңдеуші зауыттарға шамамен 25 доллардан жеткізіледі. Сондықтан бізде бензин ТМД елдерінің ішінде ең арзан саналады.

Бірақ алдағы жылдары бізде де жанармай қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Мұнай саласына қызмет көрсетуші компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ алдындағы міндеттемені орындайды. Еске сала кетейік, 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қуат көздерінің ортақ нарығын жасамақ. Әрине, нарық бір болғаннан кейін баға де теңеседі. Сарапшының айтуынша, қазіргі жағдай мұнай өндіретін компаниялар үшін тиімсіз. Олар өндірген мұнайының 30%-тейін ішкі нарыққа арзан бағада сатуға мәжбүр.

Сондықтан ішкі нарықта жылына 5-6 миллион тонна қара алтын жетіспей қалады. Мұны Ресейден сатып аламыз. Соңғы екі жылда ғана жағдай оңала бастады. Әсіресе, биыл карантинге байланысты кейбір компаниялар қара алтынды экспорттай алмады. Сәйкесінше, ішкі нарықта тапшылық болған жоқ.