Қазақстанда бір отбасыға шаққандағы су тұтыну нормалары есептелетін болады

0
522

Сондай-ақ ол мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жергілікті атқарушы органдардың бірлескен және үйлесімді жұмысына байланысты екенін атап өтті.


Қазақстанда бір отбасыға шаққандағы су тұтыну нормалары есептелетін болады

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында суды тұтыну тарифиін енгізуді ұсынды, деп жазады Stan.kz.

“Мемлекет басшысы атап өткендей, біз су ресурстарын ұтымды пайдалануымыз керек. Бұл шешім халықтың суды ұқыпты пайдалануына септігін тигізеді. Қолайлы өмір сүру үшін жергілікті тұтынудың нормасын айқындай отырып, тарифтерді енгізу керек”, – деді министр.

Сонымен қоса барлық өңірлердің су тұтыну мөлшеріне талдау жүргізе отырып, ел бойынша отбасыға есептегенде оңтайлы тұтыну нормасын енгізу талап етілетінін айтты.

“Бұл ауыз сумен қамтамасыз ету саласы мен суды тазарту шығындарын жеңілдетуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жергілікті атқарушы органдардың бірлескен және үйлесімді жұмысына байланысты екенін атап өтті.

"Осыған байланысты әкімдіктер халықты 100% қамтамасыз ету үшін 2023 жылға дейін жобалау-сметалық құжаттаманы және гидрогеологиялық жұмыстарды аяқтап, халқы аз ауылдарда блок модульдер кешенін орнатуды жеделдету қажет", - деп түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.