Қазақстанда бiр реттік COVID-19 экспресс-тестін кімдер тапсырады?

0
674

Экспресс-тестке сенімділік деңгейі 90 пайыздан аспайды.


Қазақстанда бiр реттік COVID-19 экспресс-тестін кімдер тапсырады?

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтетінін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Экспресс-тест өткізу үшін пациенттермен сауалнама жүргізіледі.

Тест өткізу рәсімін оңайлату үшін formcovid.eisz.kz сайтында пациент деректері енгізілетін сауалнама үлгісі жасалды.

Бiр реттік тексеруден өтетін азаматтар санаты:

- тыныс алу жүйесінің ауруларымен диспансерлік есепте тұрған адамдар;

- респираторлық белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған науқастар.

- автомобиль өткізу пункттері мен темір жолдардағы мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кіретін азаматтар;

- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

- карантиндік аймақтардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері.

Жалпы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тексеруінен өте алады.

"Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына диагноз қойылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ол ағзадағы вирусты анықтамайды, вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды.

Экспресс-тестке сенімділік деңгейі 90 пайыздан аспайтынын атап өтеміз, сондықтан жағдайлардың 10 пайызына дейін әрі жалған-оң, әрі жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 1 962 адам карантинде жатыр. 11 232 адам үйде оқшауланып отыр.