Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

0
479

Еліміз бойынша он екі мыңға жуық адам коронавирустан емделуде.


Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 14, ал пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте 230 адам коронавирус жұқтырса, 730 адам пневмонияға шалдықты.

Қазақстанда індет басталғалы (13 наурыздан) барлығы 104 543 адамда коронавирус диагнозы расталды. 1 510 науқас қайтыс болды.

1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 22 660 адамға жетті, 256 пациент көз жұмды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 11 944 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 53 бала бар. Стационарларда 5 715 науқас жатыр, 6 229 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда.

Науқастардың арасында 333 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 75 пациент хәл үстінде жатыр. 57 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.