Қазақстанда чек берілмегені үшін азаматтарға 4,5 млн теңге төленді

0
2 356

Чек берілмегені туралы 16,5 мың хабарлама келіп түскен.


Қазақстанда чек берілмегені үшін азаматтарға 4,5 млн теңге төленді

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен брифингте елдегі көлеңкелі экономика деңгейін Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-нің 15-17 % дейін төмендету керектігін атап өтті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жоспар шеңберінде қабылданған шаралар оның ЖІӨ-ге қатысты 27%-дан 23,6%-ға дейін төмендетті.

«Біз көлеңкелі айналымдармен күрестегі басты құралға айналған тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін құрдық. Астана-1 және ЭШФ ақпараттық жүйелері енгізілді, салық декларациясының 99%-ы және кедендік декларацияның 100%-ы қашықтықтан анықталады. «Е-терезе» АЖ рұқсат беру құжаттарын беретін 13 ақпараттық жүйені біріктірді. Қызметтерді алу уақыты 30-дан 5 күнге дейін қысқарды», - деді ол.

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесін (ЭШФ) енгізу тиімділігін көрсеткен. Сондай-ақ жекелеген тауар позициялары бойынша «Виртуалды қойма» модулі енгізілді, ол тауарлардың қоймалық есебін және онлайн режимде контрагенттермен мәміле жасауды көруге мүмкіндік береді. Барлығы 505 мың пайдаланушы тіркелген және 558 млн астам ЭШФ өңделген. 2020 жылы қосымша түсімдер сомасы 149 млрд теңгені құрады.

«Бұл тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқасында мүмкін болды. Бұл жүйеге машиналық оқыту мүмкіндігі бар үлкен деректерді талдау және зияткерлік талдау құралдары берілген. Жалпы, біз тәуекелдердің 86 түрлі моделін құрдық, 12 млрд-тан астам цифрлық құжаттарды өңдедік. Қосымша 320 млрд теңге қамтамасыз етілді», - деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ ел бойынша көлеңкелі экономикамен күресу үшін «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» пилоттық жобасы іске қосылған.

«Пилоттық жоба жұмыс істеген уақытта Wipon мобильді қосымшасы арқылы чек берілмегені туралы 16,5 мың хабарлама келіп түсті, оның 5,5 мыңы расталды, олар бойынша 4,5 млн теңге төленді», - деді комитет басшысы.