Қазақстанда COVID-19 жұқтырған тағы 6 адам анықталды

0
583

Коронавирусты жұқтырғандардың саны 531 адамға жетті. 5 адам қайтыс болып, 36 адам емделіп шықты.


Қазақстанда COVID-19 жұқтырған тағы 6 адам анықталды

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қызылорда облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Жамбыл облысында - 1 адам", - делінген жедел штаб хабарламасында.

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 531 адам коронавирус жұқтырды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 219,
  • Алматы қаласы – 110,
  • Шымкент қаласы – 13,
  • Ақмола облысы – 20,
  • Ақтөбе облысы – 10,
  • Алматы облысы – 10,
  • Атырау облысы – 22,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 4,
  • Жамбыл облысы – 11,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 27,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Қызылорда облысы – 30,
  • Маңғыстау облысы – 3,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
  • Түркістан облысы – 23.