Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттады

1
1 134

2020 жылы елімізде қағаз және қағаз өнімдерін өндіру 17,4%-ға, 71,1 млрд теңгеге дейін өсті.


Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттады

ERNUR.KZ. Биыл Қазақстанда дәретхана қағазы 6%-ға қымбаттады, деп жазады zakon.kz.

"2021 жылдың сегіз айында елімізде 56,8 млрд теңгенің қағаз және қағаз өнімдері өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5,4%-ға артық. Сектордағы өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі 3,7%-ды құрады", делінеді Energyprom.kz зерттеуінде.

Ең көп өндіріс Алматы облысында өндірілген: 19,3 млрд тг, бұл жылына елімізде өндірілетін өнімнің 38,7%-ы.

Үштікке Алматы (16,9 млрд теңге, елімізде өндірілетін өнімнің 26,6%-ы) және Шымкент (5,3 млрд теңге, елімізде өндірілетін өнімнің 4,7%-ы) кіреді.

Анықтама үшін: 2020 жылы елімізде қағаз және қағаз өнімдерін өндіру 17,4%-ға, 71,1 млрд теңгеге дейін өсті.