Қазақстанда денсаулыққа қауіпті шұжықтар анықталды

0
2 628

Құрамындағы натрий нитриттері мен антибиотиктері, яғни левомицині жоғары тамақты қолдану кезінде адамның денсаулығының төмендеуі байқалуы мүмкін


Қазақстанда денсаулыққа қауіпті шұжықтар анықталды

фото:ҚДСМ

ERNUR.KZ. Елімізде техникалық талаптарға сай келмейтін шұжықтар анықталып жатыр , деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті: «Еліміздегі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау шеңберінде шұжық өнімдерінің 1241 сынамасына сараптама жүргізілді, бұл ретте 285-і техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейді».

«Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының сауда объектілерінде консерванттың құрамының жоғары болуы және натрий нитритінің (нормасы 50 мг/кг) түсін бекіткішінің және левомицетин антибиотигінің (нормасы 0,01 мг/кг) болуы бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін шұжық өнімі анықталды.

Петропавл қаласының «Северный» супермаркетінде «Стародворские колбасы» ЖАҚ-ның ресейлік өндірісінің «Докторская» шұжығында (өндірілген күні - 2018 жылғы 14 маусым) натрий нитриті құрамының көрсеткіші - 66,6 мг / кг құрады.

Қызылжар ауданының Тепличное селосындағы ЖК О.И.Белякова «Уют» дүкенінде «Омский бекон» АҚ-ның «ПОПУЛЯРНАЯ» пісірілген шұжығының (өндірілген күні – 2018 жылғы 31 мамыр) осы көрсеткіші 60,6 мг / кг. құрайтыны анықталды», - делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Пресновка селосындағы «Сова» дүкенінде «Омский бекон» АҚ-ның мынадай өнімдерінің талаптарға сәйкес еместігі анықталған:

1. «Бутербродная» пісірілген шұжығы, B санаты (өндірілген күні – 2018 жылғы 11 маусым), натрий нитритінің құрамы - 109,8 мг / кг;

2. «Походная» құс етінен жасалған жартылай сүрленген, екінші сұрыптағы шұжық, (өндірілген күні – 2018 жылғы 15 маусым) - 72 мг / кг.

Бұл ретте, жоғарыда аталған сәйкессіздіктен басқа «Омский бекон» АҚ өнімінде левомицетиннің артық мөлшері анықталды:

1. «Южная» құс етінің пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, (өндірілген күні – 2018 жылғы 13 маусым), нитриттің массалық үлесі - 109,2 мг / кг, левомицетин - 0,05 мг / кг;

2. «Сельская» құс етінен жасалып пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, (2018 жылғы 13 маусым), нитрит құрамының көрсеткіші – 87,0 мг / кг, левомицетин - 1,5 мг / кг;

3. «Заречная» құс етінен жасалып пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, нитрит құрамының көрсеткіші - 65,4 мг / кг, левомицетин - 1,12 мг / кг.

Құрамындағы натрий нитриттері мен антибиотиктері, яғни левомицині жоғары тамақты қолдану кезінде адамның денсаулығының төмендеуі байқалуы мүмкін. Осылайша, нитриттер адамның қанымен араласып, нәтижесінде метемоглобин деп аталатын зат пайда болып, оттегінің алмасуы функциясын болдырмайды, ол оттегінің жетіспеушілігіне (гипоксия) алып келеді. Гипоксия кезінде әлсіздік, өзін нашар сезінуді, ұйқышылдықты, құсу, жүйке жүйесі, жүрек функциясының, бүйрек пен бауыр тіндерінің бұзылуын тудырады.